Старридждің келесі командасы анықталды

20.08.2019, 04:02
Старридждің келесі командасы анықталды

"Ливерпульдің" экс-шабуылшысы Даниэл Старридж енді Түркияда доп тебуі әбден мүмкін.

L'Equipe басылымының мәліметтеріне сенсек, Старридж қазір Түркияда жергілікті "Трабзонспор" клубымен келіссөздер жүргізу үстінде. Айта кетейік, егер барлық іс сәтті аяқталса, ағылшын футболшысы бұл командаға еркін агент ретінде ауысатын болады. Себебі осы жаздың маусым айында 29 жастағы сұрмергеннің "Ливерпульмен" арадағы келісім-шарт мерзімі аяқталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×