Станислав Черчесов: «Тобылдың» жайдан-жай чемпион болмағаны анық»

06.07.2022, 05:18
Ресейлік маман ертеңгі ойында жеңіске жететініне сенімді болып отыр.
Станислав Черчесов: «Тобылдың» жайдан-жай чемпион болмағаны анық»

«Ференцвароштың» бас бапкері Станислав Черчесов УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Тобылмен» болатын ойынға қатысты пікір білдірді:

- Ұзақ жол мен уақыт айырмашылығы команда үшін мәселе болуы мүмкін бе?

– «Мәселе» дегеннің біздің сөздік қорымызда жоқ екенін бәрі біледі. Біз қалай ұшу керектігін дұрыс есептедік. Жақсы ұшақпен келдік, жігіттердің көңіл-күйі жақсы. Тағы да уақыт айырмашылығы бар. Бірақ біз қалай дайындалу керектігін білеміз, тәжірибеміз жеткілікті. Қайталап айтамын, бізді алда ойын күтіп тұр, біз оған бәріне қарамастан дайын болуымыз керек.

– Маусым алдындағы дайындық туралы не айтасыз? Ұзақ мерзімді маусым алдындағы команданың жағдайы қалай? Сондай-ақ «Тобылмен» болатын текетірес жайлы не ойлайсыз?

- Ойынның қалай болатынын айта алмаймын, өйткені болашаққа көз жүгірту қиын. Әрине, біз дайынбыз. Не істеу керектігін білеміз. Бірақ өз мақсатына жету үшін ойнайтын қарсыласты да ұмытпауымыз қажет. Дайындық пен оқу-жаттығу жиындарына келер болсақ, 10 ойыншымыз ұлттық құрама сапында болып, екінші оқу-жаттығу жиынына ғана қосылды. Біз 5 жолдастық матч өткіздік, аталған ойыншылар үш кездесуге толық қатысты. Біз өз мүмкіндігімізді барынша пайдаландық. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

– Осы жазда командаңызға төрт жаңа ойыншы қосылды. Олар ертең ойнай ма?

- Олар бізбен бірге осында келді. Бізде ертеңгі ойынға арнап жоспар құруға 24 сағат бар. Әрине, олардың біреуі алаңға шығуы әбден мүмкін. Жағдайға байланысты шешім қабылдаймыз.

– «Тобылдың» күшті жақтарын байқадыңыз ба?

– Байқағанымды, көргенімді айтпай-ақ қояйын. Команданың жай ғана чемпион болмайтыны анық. Биылғы маусым ойдағыдай басталмаса керек. Сондықтан бапкері ауысты. Қайталап айтамын, біз ертең чемпионмен ойнаймыз. Команда жақсы ойыншылардан жасақталған, сондықтан қиын кездесуге дайындалып жатырмыз.

– Стадион қалай екен?

– Мен бұл алаңға әлі шықпадым. Сыртынан қарағанда жақсы көрінеді. Менің түсінуімше, «Тобыл» бұл жерде алты ай бойы ойнамаған. Тек бір ғана ойын өткізіпті.

- Қостанайдағы климаттық жағдайлар матчқа қалай әсер етуі мүмкін?

- Будапештте қазір 35 градус ыстық. Ол жақпен салыстырғанда мұнда қыс болып тұр.

– Қазір Қазақстан чемпионаты нағыз қызған шағында тұр, ал Венгрияда маусым әлі басталмады. «Ференцварош» Австрияда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Командаңыздың осы матчқа дайындық деңгейіне көңіліңіз тола ма?

– Чемпионат ойындары болып жатқанда команданы реттеу оңайырақ болады. Венгрияды футбол маусымы әлі басталмады, бірақ бұл ештеңені білдірмейді. Алда іріктеу матчы келе жатыр. Дайындық жағынан жоспарлағанымызды орындадық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
4.015
П2
3.69
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.09
Ничья
13.7
П2
28
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×