Станислав Черчесов журналистердің Ислам Чесноковтің деңгейі туралы сұрағына жауап берді.
Дәлірек айтсақ, тілшілер қауымының «Тобыл» көшбасшысының РПЛ-ге, грозныйлық «Ахматқа» ауысуы жайлы сауалына қатысты өз ойын ортаға салған болатын.
«Ол РПЛ деңгейін алып кетеді. Ауыса ма жоқ па, оны енді өзі шешеді. Бұл оның ішкі түйсігі. Барғысы келсе, демек көргені дұрыс. Бірақ, білуімше әзірше «Тобылда» және «Ахматқа» ауыса қойған жоқ. Менен футболшылар туралы жиі сұрап жатады. Мен тек мінездеме бере аламын. Ал ары қарай не істеу керегін олардың өздері шешулері тиіс», - деген еді Қазақстан құрамасының бас бапкері.
Ислам Чесноков өткен маусымда «Тобыл» жейдесінде ҚПЛ-де 21 матчта алаңға шығып, 10 гол соғып, 2 ассист берген. Қостанайлық клубпен келісімшарты биылғы жылдың 31-қазанына дейін жарамды. Футболшының нарықтық бағасы 800 мың еуро.
25-жастағы жартылай қорғаушы Қазақстан ұлттық құрама командасының сапындағы алғашқы кездесуін 2023-жылы қыркүйекте жасаған. Содан бері 11 матчқа қатысып, 2 рет мергендік танытты. Өскемен футболының түлегі «Тобылдан» бөлек, «Алтай» және беларусьтің «Белшинасының» намысын қорғаған еді.
Біздің серіктес: FONBET