Станислав Черчесов бар кінәні Магомед Адиевке артты

19.11.2024, 11:02

Станислав Черчесов Ұлттар Лигасындағы сәтсіздіктерді Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкерінің жұмысымен байланыстырды.

Станислав Черчесов бар кінәні Магомед Адиевке артты
Магомед Адиев

Дәлірек айтсақ, ресейлік маманның ойынша ұлттық құраманың Норвегия, Аустрия мен Словенияның қақпасына гол сала алмауына бұрынғы бапкердің жаттықтыру процесіндегі кемшіліктер себеп болған. 

 «Мен ешқандай сылтау іздеп отырғаным жоқ, бірақ бізде осы циклда бірде-бір плюс көре алмадым. Өзіміз үйреніп қалғандай Астанадағы синтетикада ойнаған жоқпыз. Мен келгенге дейін бұл туралы ешкім ойланбаған да. Күнтізбе өте қолайсыз түзілген, дайындық жүргізуге артық бір күн де болмады. Ал, маған дейін дайындыққа уақыт болған. Келер жылы Астанаға қайтып ораламыз. Алматыға да өкпе жоқ, өте жылы қарсы алды. Синтетиканың болмауынан мұнда ойдағыдай өнер көрсете алмадық. Мен келгенге дейін команда қараусыз ұжым болды. Енді тиісті құжаттар өткізіп, дайындыққа қосымша уақыт бөлдіріп алдым», - деген болатын С. Черчесов.

Станислав Черчесовке дейін ұлттық құраманы Магомед Адиев жаттықтырған. Адиев Ұлттар лигасында команданы B дивизионына дейін алып шықты. Сондай-ақ, Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласу мүмкіндігіне ие болып, тек Грекияға қарсы матчта есе жіберді. Айта кетейік, биыл B дивизионында өнер көрсеткен құрама топта соңғы орын алып, C дивизионына түсіп қалды. Ал Станислав Черчесов болса ҚФФ-мен түзген келісімшартына сәйкес, 2026 жылдың жазына дейін құраманы тізгіндемек. Егер, осы келісімшарт бұзылған жағдайда ҚФФ ресейлік маманға 1 млн еуро өтемақы төлеге міндеттеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 11
Масқара 6
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×