Соңғы рет Холанд бір ай бұрынғы кездесуінде гол соға алмай кеткен

Норвегия құрамасының көшбасшысы Эрлинг Холанд Қазақстанға қарсы ойында голдық нәтижесімен көзге түспеді. Соңғы рет шабуылшы “Манчестер Юнайтед” қақпасынан саңылау таба алмай қайтқан. 

Соңғы рет Холанд бір ай бұрынғы кездесуінде гол соға алмай кеткен

Англия Суперкубогының 10 тамызда өткен матчында “Сити” сапында сол матчта Бернарду Сильва ғана гол соқты. Эрлинг Холанд өз командасының бастапқы құрамында алаңға шыққанымен, өзгелерден даралана алмады. Норвегиялық тіпті “Манчестер Ситидің” ең сәтсіз ойын өткізген футболшысы қатарына енді. 

Одан кейін Холанд қалалықтар сапында үш кездесу өткізіп, барлығын қосқанда 7 гол соқты. 

Кешегі өткен кездесуде Столе Сольбаккен шәкірттері қарсылас қақпасына 20 соққы бағыттады. Алайда Эрлингте, Эдегорда және Александр Серлотта гол соға алмады. Біздің команда олардың нәтиже тіркеуіне жол бермеді. 

Енді Норвегия құрамасы Ұлттар Лигасындағы кезекті ойынын 9 қыркүйек күні Аустрияға қарсы өткізеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×