Соңғы легион. Шетелдік футболшылардың жалақысын берудің занамасы қашан күшіне енеді?

30.01.2025, 11:45

Отандық БАҚ-та белсенді талқыланып жатқан бұл мәселеде әлі нақтылық жоқ.

Соңғы легион. Шетелдік футболшылардың жалақысын берудің занамасы қашан күшіне енеді?
Жоао Пауло "Қайрат" сапында

Басқаша айтқанда, премьер-лигада өнер көрсететін шетелдік ойыншылардың еңбекақысын төлеу мәселесі әлі қарастырылуда. Заңнаманы алдымен Парламент қарап, Президент қолын қоюы тиіс. Нақты механизмі -  ҚР Мәжілісі заңдық құжатты мақұлдап ары Сенатқа өтеді. Жоғары органның құптауынан соң негізгі мәселе президенттің құзырында болмақ. Міне осындай бірнеше сүзгіден кейін мемлекет басшысының қолы қойылған құжат заңдық күшіне енеді. Жалпы, бұл процес кемі 2 айға созылуы мүмкін. Демек, биыл сырттан келген азаматтардың ақшасын бәрібір сіз бен біздің салығымыздан, облыс бюджетінен төлейді деген сөз.

ҚПЛ-дің басталуына шамамен бір айдан сәл көп уақыт қалды. Командалар қазір құрамдарын жасақтап, түрлі позицияларын түгендеуде. Трансферлік операциялардың қызып тұрған шағы. Әркім мақсат-міндеті мен шамасына қарап, жасақталып жатыр. Клубтардың басым бөлігі шетелдік ойыншылармен еңбек шарттарын біржақты етуі тиіс мауым басталғанға дейін. Қысқасы, Парламент пен президент бейіл болса, легионерлердің жалақысына байланысты реформа тек алдағы жылы жүзеге аспақшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×