Солтүстік Кореяға қарсы ойынды көруге тұра ма? Кеше «Рубинді» «сезбепті»

15.02.2025, 15:09

Қазақстан құрамасының 17-ақпандағы қарсыласы кеше күтпеген жерден қазанның «Рубинін» 4:1-мен жеңіп кетті.

Солтүстік Кореяға қарсы ойынды көруге тұра ма? Кеше «Рубинді» «сезбепті»
Солтүстік Корея - «Рубин» кездесуі

РПЛ-дің ағымдағы маусымында 8-сатыда келе жатқан ресейлік команданың жартылай қосалқы құраммен ойнағанын да қоса кету керек. 

Айта кетейік, Солтүстік Корея дәл қазір ФИФА рейтингінде 115-орынға табан тіреген. 1996 және 2010-жылғы Әлем бірінші ліктерінің негізгі кезеңінде өнер көрсетті. Сондай-ақ, солтүстік корей футболшылары 2010 және 2012-жылы АФК Кубогінің иегері саналады. 

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Түркия жеріндегі оқу-жаттығу жиындарының аясында екінші жолдастық кездесу өткізгелі отыр. Бірінші бәсекеде ұлттық команда ташкенттің «Локомотивімен» тең тарқасқан болатын 1:1. Қазақстан сапындағы жалғыз голды Айбар Жақсылықов салған. Сондай-ақ, бақылау матчында тағы бір шабуылшымыз Оралхан Өміртаевтың да қанжығасын майлайтын мүмкіндігі болды, алайда, «Ақтөбенің» өкілі пенальтиден мүлт кетті. 

Қазақстан - Солтүстік Корея кездесуі 17-ақпанда, сағат 19:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалауға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×