Смақовтың қоштасу матчын QAZSPORT көрсетеді 

29.08.2018, 03:45
Смақовтың қоштасу матчын QAZSPORT көрсетеді 
Аты аңызға айналған футболшы Самат Смақовтың ойыншы мансабын аяқтауына орай ұйымдастырылған халықаралық жолдастық матчты QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матчқа кезінде «ақ-қызылдар» сапында ойнаған ойыншылардан құралған «Ақтөбе ардагерлер» командасы мен кезінде Смақовпен бірге ойнаған және басқа командаларда ойнаған «Смақовтың достары» командасы қатысады. Матч Ақтөбе қаласының Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионында өтеді. Басталуы – 17.00 (АКТ), 18.00 (АСТ). «Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×