Смаил Превляк: «Мен екі гол соққаныма қуаныштымын, бірақ бәрінен бұрын жеңісімізге қуаныштымын»

10.10.2021, 15:42
Жігіттер Эдин Джеконы қарауылдап жүргенде, Превляк дубль жасап кетті.
Смаил Превляк: «Мен екі гол соққаныма қуаныштымын, бірақ бәрінен бұрын жеңісімізге қуаныштымын»

Босния және Герцеговина құрамасының шабуылшысы Смаил Превляк 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстанмен болған матч (2:0) туралы өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды S1 порталы:

- Біз 90 минут бойы басым болдық, ойынды бақылауымызда ұстадық. Бізде көбірек мүмкіндіктер болды және лайықты түрде жеңіске жеттік. Мен екі гол соққаныма қуаныштымын, бірақ бәрінен бұрын жеңісімізге қуаныштымын. Егер біз бүгінгідей ойнайтын болсақ, онда Украинаға қарсы матчта да оң нәтиже көрсетуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×