Словакия - біз үшін жаңа қарсылас

06.06.2022, 21:05
Бүгінгі қарсыласымыздың құрамында әлемдегі үздік қорғаушылардың бірі және топ-лигаларда ойнайтын футболшылар бар.
Словакия - біз үшін жаңа қарсылас

Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының екінші туры аясында Словакиямен кездеседі. Матч Трнава қаласындағы Антон Малатинский ("Сити Арена") атындағы стадионда өтеді. 1923 жылы салынып, 2013-2015 жылдары күрделі жөндеуден өткен стадионға 19200 жанкүйер сыяды екен.


Словакия құрамасы Ұлттар лигасын біздің жігіттер секілді жеңіспен бастады. Таркович шәкірттері Сербияда Беларусь құрамасын 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды 61-минутта Томаш Суслов соқты. 19 жастағы жартылай қорғаушы қазір Нидерландының "Гронинген" клубында доп теуіп жүр. Жасына қарамай команданың тірегі болып алған. Осы маусымда голландиялық клуб үшін 29 ойында 1 гол мен 4 нәтижелі пасты өз атына жазған екен. Дәл қазіргі Словакия құрамасындағы ең жас ойыншы да осы жігіт.


Словакия құрамасын айтқанда есімізге бірден Марек Гамшик түседі. Сегіз мәрте елдің үздік футболшысы атанған Марек өткен айдың соңында ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. "Наполиде" 12 жылын өткізген 34 жастағы жартылай қорғаушы футбол тарихына өз есімін жазып үлгерді. Нақтырақ айтсақ, неапоитандық клуб жейдесінде (520 ойын) және Словакия құрамасында (126 ойын) ең көп матч өткізген ойыншы ретінде тіркелді. Гол соғу көрсеткіші де жаман емес. "Наполи" тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде екінші орынға жайғасқан (121 гол). Ал ұлттық құрамада 26 голмен рекордсмен атанды. Осы статистикаларды ескерсек, Гамшик мансабын Қазақстан құрамасы үшін өте ыңғайлы уақытта аяқтады деген ой келеді. Қазір Марек Түркияның "Трабзонспор" клубында доп теуіп жүр.


Словакия біздің топтағы ең қымбат команда болып саналады. Ойыншыларының жалпы құны 127 миллион еуродан асып жығылады. Ал командадағы ең бағалы футболшы - "Интердің" намысын қорғайтын Милан Шкриньяр. Нарықтағы құны 65 миллион еуроны құрайтын 27 жастағы Милан әлемдегі ең мықты қорғаушылардың санатына жатады. Оны "Тоттенхэм" , "Челси", "Манчестер Юнайтед" секілді командалар көптен бері бақылап жүр. Бірақ жақында ғана Словакияның бетке ұстар футболшысы "Интерде" қалатынын жариялады.


Словакияның сенім артар тағы бір беделді ойыншысы, ұлттық құраманың ойынын жүргізетін нағыз қозғаушы күші - "Наполиде" өнер көрсететін Лоботка. Себебі 27 жастағы Станислав тіреуіш жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Трансферлік құны 15 миллион еуроға бағаланды.


"Уотфордпен" Англия чемпионатында бақ сынаған Юрай Куцка да Словакияның тумасы. Жасы біразға келсе де, қайраты қайтпаған футболшы биыл АПЛ-да 26 матчқа қатысты. Бірақ оның командасы Чемпионшипке түсіп қалды. Ал Юрай жалдау мерзімінің аяқталуына байланысты "Пармаға" оралуы тиіс. Бірақ ол жақта да жағдай мәз емес. Бұл команда былтырдан бері Италияның В сериясында өнер көрсетуде. Осыған қарап 35 жастағы Куцканың төмен деңгейде ойнап, дәрежесін түсіргісі келмейтінін байқауға болады. Куцка - қазіргі Словакия ойыншыларының арасында ең көп матч (90) өткізген және ең көп гол (10) соққан футболшы.


Словакия құрамасына Англиядан ат терлетіп келген тағы бір ойыншы бар. Нақтырақ айтсақ, қақпашы Марек Родак. 25 жастағы голкипер "Фулхэммен" Англия Премьер-лигасына жолдама алды. Биыл өткізген 33 матчының 16-да қақпасын голдан аман сақтаған.


Италияны, Англияны айттық, енді Германия сөйлесін. "Кёльн" командасында доп тебетін Ондрей Дуда да осы елдің намысын қорғайды. Биыл Бундеслигада мүмкін болған 34 матчтың 31-не қатысып, 2 гол соқты. Кезінде "Герта" мен "Норвичте" өнер көрсеткен Дуданың трансферлік құны 5 миллион еуроны құрайды.


Словакия құрамасын Қазақстан футболымен байланыстыратын Вайсстар әулеті бар. Бұл командада кезінде "Қайратты" жаттықтырған Владимир Вайсстың ұлы өнер көрсетеді. Ол ойыншының аты да Владимир. Қазір "Слован Братиславада" әкесінің қол астында ойнап жүр. 30 жастағы Вайсс өз елінің басты командасында 2009 жылдан бері ойнап келеді. Словакия жейдесінде 74 матчқа қатысып, 7 рет мергендік танытқан екен. Бір қызығы, бұл жігіттің атасының есімі де Владимир болған.


Міне, біздің бүгінгі қарсыласымыздың құрамында осындай белді ойыншылар доп тебеді. Жалпы, Қазақстан мен Словакия құрамалары бұған дейін мүлдем ұшыраспаған екен. Сондықтан бұл біз үшін сыры беймәлім, тың қарсылас болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.75
Ничья
3.895
П2
1.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.161
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×