Словакиялық клуб Кенжебекке үлкен сенім артады

Бүгін, 10:49

«Кошице» клубының спорттық директоры Марек Сапара Ғалымжан Кенжебек жайлы пікірін айтты.

Словакиялық клуб Кенжебекке үлкен сенім артады
Ғалымжан Кенжебек

Былтыр кипрдің Екінші дивизионында ойнаған Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы енді Словакия чемпионатында доп тепек. 

«Бізге жас әрі таланты – 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының ойыншысы ауысып келді. Ол өзінің жастар арасындағы өнерімен бас құрамаға шақырту алған. Менің назарымды өзінің ешкімге ұқсамайтын ойынымен аударған болатын. Өзгелерден ерекшелеп  тұратын бір қасиеті бар. Оның бойында өзіне ерекше сенімділік байқалады, өте жылдам әрі бірге-бір ойынында өте мықты екен. Заманауи футболшыға тән қасиеттің бәрі бар және бізге қажетті ойын талаптарының барлығына жауап береді.

Жас болса да құрама командасы мен Кипрде өткізген аз уақыттың арқасында халықаралық тәжірибе жинап үлгерді. Бізге екі жарым жылға, яғни 2027-нің 30-маусымына дейін келіп отыр. Скухрав бапкер екеуміз ойыншылар жайында үнемі ақылдасып-кеңесіп жүреміз және осы футболшы туралы бірден ортақ шешімге келдік. Оның әлеуеті жоғары және де «Кошицеде» толайым табысқа жететініне сенімдімін», - деді словакиялық клубтың директоры.

   

Айта кетейік, «Кошице» футбол клубы Словакия чемпионатының турнирлік кестесінде әзірге 7-орынға тұрақтаған. Команда Кошице қаласының намысын қорғайды. Және өз алаңындағы ойындарын 12555 орындық «Кошице аренада» қабылдайды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×