Sky Sports: ӘЧ-2018-дің ең үздіктерін анықтады

17.07.2018, 02:46
Sky Sports: ӘЧ-2018-дің ең үздіктерін анықтады
Британдық Sky Sports 2018 жылғы Әлем чемпионатының үздік 50 ойыншысын анықтады. Ойыншыларды 32 көрсеткіш бойынша жинаған ұпайларына қарай 1-ден 50-ші орындарға дейін жайғастырған. Бірінші орында Франция шабуылшысы Кильян Мбаппе, екінші орында Бельгияның капитаны Эден Азар және үшінші орында Бразилия жұлдызы Неймар орналасқан екен. Байқағандарыңыздай, турнирдің үздігі Модрич топ-3-ке де кірмей қалған екен. Ақпаратты "Спорт-Экспресс" басылымы таратты.   Sky Sports нұсқасы бойынша ӘЧ-2018-дің үздік 10 ойыншысы: 1. Килиан Мбаппе (Франция) 2. Эден Азар (Бельгия) 3. Неймар (Бразилия) 4. Лука Модрич (Хорватия) 5. Киран Триппьер (Англия) 6. Антуан Гризманн (Франция) 7. Тибо Куртуа (Бельгия) 8. Поль Погба (Франция) 9. Кевин Де Брейне (Бельгия) 10. Филиппе Коутинью (Бразилия).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×