Сириядан сынақ аламыз

04.08.2011, 17:49
Сириядан сынақ аламыз
Тамыздың 10-ы күні елордамыздың Астана-Арена стадионында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Сирия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Негізгі мақсат – «Еуро-2012» іріктеу турнирінің аясында қыркүйек айында өтетін қос матчқа тыңғылықты дайындалу және ФИФА рейтингіндегі орнымызды жоғарылату. Ол үшін, әрине, жолдастық кездесу болса да Сирия құрамасын жеңу керекпіз. Ал Сирия оңай шағыла қалатын жаңғақ емес. Себебі, осыған дейін өткен үш кездесуде де Қазақстан ұлттық құрамасы сириялықтардың қақпасына бір де бір гол соға алмапты. Кездесудің үшеуінде де тек жеңіліп келдік. Бұл жолы өз жерімізде есе жібермеуіміз керек. Аталмыш матчқа байланысты ұлттық құрамамыздың бас бапкері Мирослав Беранек Елордада журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Бұл жолғы ойында жеңілсек, жанкүйерлерімізден ұят болатынын бапкердің өзі де сезіп отырған тәрізді. Сондықтан да, міндетті түрде өз жерімізде жеңіс туын көтеруіміз керек екенін пан Беранектің өзі де айтты. – Біз сатылап жұмыс істейтін боламыз. Меніңше, қазіргі кезде бірнеше баспалдақ жоғары көтерілген тәріздіміз. Мәселен, Германиямен болған кездесуден кейін команданы біршама өзгерттік. Бұл жоғарылауымыздың бір сатысы болса, келесі көтерілген баспалдағымыз Әзірбайжан құрамасын жеңуіміз. Қазіргі уақытта командамызды біршама тұрақтандырдық. Бәрінен бұрын қорғаныс шебін тұрақтандыр­ғанымызды айту керек», – деп ағынан жарыла сөйледі пан Беранек. Айта кетейік, Мирослав Беранек тамыздың 10-ы күні ойнайтын футболшыларымыздың тізімімен таныстырды. Құрамамыздың үш бірдей негізгі қақпашысы өз алаңымызда болатын ойынға қатыса алмайды. Олар: Давид Лория, Андрей Сидельников және Александр Мокин. Датоның жағдайы түсінікті. Маусым басында алған жарақатынан кейін «ертістік» ержігіт әлі толық жазылған жоқ. Ал «ақтөбелік» қақпашы мен «шахтерлік» қақпашы панға несімен ұнамай қалды екен?! Бас бапкердің айтуынша, бұл екеуі демалыс алып кетіп бара жатқан көрінеді. Оның үстіне, бапкерлер штабы жас қақпашылардың да өнерін көргісі келіп отырған сыңайлы. Бірақ, Александр Мокин резервтегі ойыншылардың қатарына қосылған. Негізгі құрамадағы ойыншы жарақат алып қалған жағдайда, Мокин үш қақпашымыздың бірін алмастыра алады. Бәрінен де, бас бапкердің Антон Циринге назар аударғаны қуантып отыр. Еуропа лигасының аясында «Ертістің» нағыз құтқарушысы болған Циринді біз де әбден мақтаған едік, міне еңбегі еленіп, құрама сапына шақыртылып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, Сириямен болатын ойынға шетелдік командаларда ойқастап жүрген үш ойыншымыз қатыспайды. Бас бапкер немістің «Гройтер Фюрт» командасындағы Генрих Шмидталь мен немістің тағы бір ұжымы «Дюйсбургындағы» Сергей Каримовты, сондай-ақ, Сочидің «Жемчужинасында» өнер көрсететін Қазбек Гетериевті әдейі шақырмапты. Мирослав Беранек бұл ойыншыларымыздың сол жерде жүріп-ақ шеберліктерін шыңдауын қалап отыр. Бұлар күзде «Еуро-2012» іріктеу турнирінің аясында өтетін Түркия мен Әзірбайжан құрамаларына қарсы міндетті түрде шақыртылмақ. Айта кетейік, Сергей Каримовтың неге ұлттық құрамаға шақыртылмай жүргені соңғы кезде үлкен дау болып кетіп еді. Тіпті, кейбірі, «Каримов Қазақстан құрамасында ойнауға өзі қарсы» деп отқа май құя түскен. «Бірақ егер Қазақстан сапында өнер көрсеткісі келмесе, былтыр Оман құрамасына қарсы ойнап несі бар еді?» деушілер де табылды. Дауға нүктені Беранектің өзі қойды. «Каримов та ауыр жарақатынан кейін өзінің жаңа клубында бедел жинап алсын. Келесі ойынға келеді ғой», деді жайға польшалық маман. Әрине, дәл қазір құрамамыз пісіп-жетіліп тұр дей алмаймыз. Оны құрамамыздың бабын бес саусақтай білетін бас бапкер де мойындап отыр. Осал жерлері баршылық. Бірақ бапкер оны айтуды қаламағанымен, олқылықтарды түзетуге күш салатынын уәде етті. Ал бәрінен де қуантқаны – ұлттық құрамамызда қазақ футболшыларының саны көбейіп келеді. Бұрын құрама жейдесін екі-үш қандасымыз кисе, соның өзіне қуанушы едік. Қазір жағдайымыз тіптен жақсарды. Сириямен болатын жолдастық кездесуге 21 ойыншы шақыртылса, соның 10-ы қазақ. Сол он футболшының жартысынан көбі негізгі құрамда алаңға шығуы да мүмкін. Сонымен, тамыздың 3-і мен 5-і аралығында Талғарда ашық оқу-жаттығу жиынын өткізетін ұлттық құрамамыз 8-і күні Астанаға аттанады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.385
Ничья
5.34
П2
8.55
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.007
Ничья
3.995
П2
3.605
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.977
Ничья
3.92
П2
3.77
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.529
Ничья
4.84
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.26
Ничья
3.585
П2
2.272
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.407
Ничья
3.79
П2
2.886
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.01
Ничья
3.81
П2
1.945
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.08
Ничья
14.8
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×