Шымкентте бүгін шайқас болғалы отыр

Бүгін, 8 мамыр күні шымкенттік “Ордабасы” Қазақстан Кубогының ширек финалы кездесуі аясында “Ақтөбені” өз алаңында қабылдайды. Қос ұжым арасындағы текетіресте жеңімпаз атанған жартылай финалға жолдама алады.

Шымкентте бүгін шайқас болғалы отыр

Ширек финалдық ойын оңтүстік шаһарда болғандықтан, оның кешкі сағат 20:00-ге жоспарланғаны құптарлық жайт болды. Күннің сәулесі шашылып, мамыр айының өзінде ауа-райының термометрі +30 градустан төмендемейтін Шымкент жерінде кеш бата тіршілік басталады. Сол тіршіліктің басым бөлігі бүгін “Қажымұқан” атындағы Орталық стадионда болмақшы. Мұнда алаң иелері “Ордабасы” Ақтөбеден келген қонақ футболшылардан басым түсуді мақсат етеді. Шымкенттік клубта аталған матчқа дейін бірқатар өзгерістер орын алды. Атап айтсақ, команда тарихындағы алғашқы чемпиондық кезеңде шымкенттіктермен бірге болып, “Ордабасының” дамуына өзіндік үлес қосқан Бауыржан Абдубаитов денсаулығына байланысты өз қызметінен кетті. Абдубаитовтың алдында ұжым бапкері Александр Седневта командадан кетіп қала жаздаған. Өздерін “сухой блатной” сезінген “Ордабасының” жаңашырлары белорус маманын қыспаққа алып, оның тез арада клубтан кетуін талап еткен. Келген күнінде қонақжайлылығымен қарсы алып, кетерінде басына әңгіртаяқ ойната жаздаған шымкенттіктерден бұндайды күтпеген Седнев басшылық пен командаға шың берілген фанаттардың ыстық лебізінен кейін қалуға шешім қабылдады. Ал қыспақ көрсеткен “сухой блатнойлар” өз дегеніне жете алмай, болған іске мойынсұнуға мәжбүр болды. Клубта қалған бапкердің тізгінінде “Орда” ішкі чемпионатта қатарынан екі ойында тең ойнады. Алғашында өз алаңында петропавлдық “Қызылжармен” 1:1 есебімен тең түссе, екіншісінде семейдегі “Спартакта” керемет қолдаудың арқасында шабыт алып, алға ұмтылған “Елімаймен” дәл сол 1:1 есебін тіркеді. Осы бір кездесулерден кейін Седнев шәкірттері ҚПЛ турнирлік кестесінде 9 ұпаймен 7 орында келеді. Айта кетейік, Кубоктың плей-офф кездесуіне дейін “Ордабасы” тарихы терең “Тараз” жерінде жергілікті команданы 2:1 есебімен тізе бүктірді. Жалпы оңтүстік ұжым соңғы өткізген 5 ойынның 2 жеңіп, 2 тең ойнап, 1 жеңілген болатын. Ойынға “Ордабасы” осындай көрсеткіштермен келіп отыр. Одан тағысы жаңа ойыншыменде толықты. Допинг дауына ілініп, біршама жылдар бойы кәсіби футболдың маңайына жолай алмаған Айбол Әбікен Шымкент қаласының командасында өнер көрсетемін депті. Жартылай қорғаушы ұжымға “Елімайға” қарсы матчтан кейін келіп қосылды. Кім біледі, бүгін Айбол “Ордабасыдағы” дебюттық кездесуін өткізіп қалар. Бірақ бұл шешімді қабылдайтын бапкер Седнев қана. Біз оны түсінгеніміз жөн. Мәселен Премьер-лиганың 7-тур ойынында “Орданың” ортаңқы шебін Макаренко, Тағыберген және Исламхан триосы құрады. Соңғы кездесулерде аз ойнап жүрген Бауыржан “Елімайға” қарсы өзінің әлі де толық бір матч өткізе алатынын дәлелдеген болатын. Жалпы Шымкент ұжымында жартылай қорғаушы ойыншылар тапшы емес. Жоғарыда аталған үш ойыншыдан бөлек, Ловро Цвек, Шахбоз Умаров және Самат Жарынбетов секілді тәжірибелі аяқдопшылар бар. Шабуылшы позициясында “Ордабасыда” нақты бір сұрмерген ойыншы жоқ. Соңғы кездесулерде Жасур және Еркебұлан гол соғып келеді. Бұлардың өзі тұрақты түрде емес. Өткен маусымда жақсы өнер көрсеткен Всеволод Садовскийдің өзінің гол соқпағанына біраз матч болды. Оның жанында біраз күлкіге қалған Дембо Дарбо “Орданың” соңғы кездесуінде 1 ұпай алуына себепкер болды. Бүгінгі ойынды өз алаңында қабылдайтын команданың жағдайы мен жаңалықтары осы. Келесі кезек қарсылас “Ақтөбеге” ауыспақ. “Ақ-қызылдардың” чемпионаттағы аяқ алысы жаман емес. Тек бір ойында ғана жеңілген ұжым турнирлік кестеде 11 ұпаймен 2 орында келеді. Кубок турнирінің ширек финалына дейін Парфенов шәкірттері талдықорғандық “Жетісуді” минималды 1:0 есебімен жеңіп, жорығын жалғастыруға мүмкіндік алды. Бір қызығы Қайрат Нұрдәулетовтың командасын жарыс жолынан шығарып тастаған “Ақтөбе” арада 14 күн өткеннен кейін “Жетісумен” қайта кездесті. Бұл жолы ішкі чемпионат аясында “ақ-қызылдар” Талдықорғанда қонақтап, күтпеген жерден алаң иелеріне 2:1 есебімен ұтылды. Аталған ойында жеңіске жету арқылы Қайрат Нұрдәулетов Кубокте кеткен есені қайтарды десек қателеспегеніміз. Жанкүйерлердің таңданысын тудырған ойыннан кейін “Ақтөбе” “Қобыландыда” “Астананы” қабылдады. Турнирлік кестеде бірдей ұпай санымен келе жатқан ұжымдар үшін бір-бірінен басым түсу маңызды болды. Алайда екі команданың бұл ойлары жүзеге аспады. 90 минуттың қорытындысы бойынша “Ақтөбе” мен “Астана” арасындағы ойынның таблосында 1:1 есебі тіркелді. Сөйтіп қос ұжым қол алысып, тең нәтижеге қанағат етті. “Ордабасыны” бүгінгі ойында “ақ-қызылдардың” шабуыл шебіндегі ойыншылар алаңдатады. Әр тур сайын мергендігімен көзге түсіп, символикалық құрамның басынан түспей жүрген Самородов пен Умаев “Ақтөбенің” Премьер-лигада соққан 12 голының тең жартысын өз аттарына жазған. Жылдам әрі қауіпті шабуылшылардан бөлек, “Ордабасы” “Ақтөбені” 5 жыл бойы жеңе алмай келеді. Сол аралықта шымкенттік ұжым “ақ-қызылдармен” 6 ойын өткізіп, соның 3 жеңіліп, қалған 3 тең түскен. Айта кететін тағы бір қызық дерек бар. Бүгінгі ойынға төреші болып тағайындалған Артем Кучин 2023 жылы “Ордабасы” мен “Ақтөбе” матчтында төрелік еткен. Бір жыл бұрын болған кездесуде де шымкенттіктер алаң қожайыны болған. Премьер-лиганың 5-тур ойынына баланған матч “Ордабасыны” біраз әбігерге салды. Кездесу басталысымен қарсыласты қыспаққа алған шымкенттік ұжым кезекті бір шабуыл барысында өздеріне пенальти әкелді. Алайда Артем Кучин ВАР қайталауын көргеннен кейін “Ақтөбе” қақпасына белгіленген 11-метрлік айып добын алып тастады. Матчтың екінші таймында Ғафуржан Сүйімбаевтың қақпа мандайшасына жасаған соққысы кері серпіліп, Бобыр Абдухолиқовтың аяғына түсті, мүмкіндік бар да гол соғып алуды жөн көрген ойыншы ойлағанын жүзеге асырды. Бірақ Артем Кучин бұл сәтте де “Ордабасының” ережеге сәйкес ойнамағанын анықтайды. Әріптестерімен ақылдаса келе, ол өзбек футболшысының ойыннан тыс қалғаны жайында шешім қабылдайды. Пенальти, одан кейін голдан айырылған Шымкент ұжымы салы суға кетіп ойыны бәсеңдеген тұста “Ақтөбе” Уго Видемон арқылы есепте алға шығады. Алайда жеңісті есепті сақтап қалу ақтөбеліктерге бұйырмады. Матч соңында қосылған қосымша минутта Сергей Малый алаң иелерін жеңілістен құтқарып қалды. Қорытындылай келе, бүгінгі ойыннан футбол фанаттарының күтері көп. Ол әділ төрелік, тартысты ойын және жанкүйерлер тарапынан ыстық қолдау. Фанаттардың өзі жанын берердей айқай салып, қос команданы алға жетелеп отырса, теледидардың арғы жағында отырған көрерменге бұл ерекше әсер сыйлайтыны сөзсіз. Бүгінгі Кубоктың ширек финалында бақ сынасатын ұжымдар арасында “Ақтөбе” мен “Ордабасыны” ерекшелейтіні осы жайт. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.161
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×