Шпилевский кетті. «Қайратты» енді кім баптайды?

Жас маманға сенім артқан Қайрат Боранбаевтың шыдамы таусылған секілді.
Шпилевский кетті. «Қайратты» енді кім баптайды?

«Отызында орда бұзған» Алексей Шпилевский «Қайраттың» бас бапкері болып келді. Алғашқы жылдары «Қайраттың» футбол философиясын өзгертіп, өзі тәлім алған «Лейпциг» академиясының даму бағытын ұстанды. Ғаламат академия мен керемет жасалған жағдайды молынан пайдаланбақ болды. Өзімен бірге футболшылардың физикалық әлеуетін асыратын бапкер әкелді. Командаға жоғары жалақы алатын легионерлер де келді. Бірақ, «Қайраттың» одан айы оңынан туа қоймады. Бастапқыда бәрі бүлініп, чемпион атануға сынық сүйем қалғанда сүрініп қалып жатты. Алексейдің аяқ алысы сәтті бола қойған жоқ. Тек өткен жылы Боранбаев мырза іске кірісті. Чемпионат пандемияның салдарынан үзіліп қалып, біріншілік өткізетін жер таппадық. Сонда, Қайрат Советайұлы Алматыдағы екі стадионды тегін пайдалануға болатынын айтты. «Орталық» стадион мен «Тимур Сегізбаев» атындағы стадион, оған қоса Талғардағы ұлттық құраманың базасы мен «Жас Қыран» спорт кешендері бар екені айтылды. Бір турда 6 ойын болатынын ескеріп, 4 стадионның біріншілікті аяқтап тастауға мүмкіндік беретінін де тілге тиек етті. Осылайша Боранбаевтың бастамасы қолдау көріп, біріншілік Алматы қаласында өтті. 2020 жылғы бұл чемпионатты алматылық «Қайрат» еш бәсекесіз жеңіп алды. Шаппай бәйге алатындай жағдай өзінен-өзі туындады. «Астана» бапкер алмастырып, жаттығатын жер таппай, коронавирустың зауалын сезінді. «Тобыл» күмісті қанағат тұтып, сабыр қылды. Соның арқасында Шпилевский мырза «Қайратты» чемпион қылды. Белорусь бапкерінің Алматыға келгелі бері жеткен ең ірі жетістігі осы болды. Одан өзге іліп алар ештеңе жоқ. Жыл сайын кубоктың финалына жете алмай, еурокубокте алғашқы айналымдарда жеңіліп қалып жүрді. Десе де жас маманға Қайрат Боранбаев сене беруін жалғастырды.

Бірақ, биылғы чемпионатта «Қайрат» қайта-қайта ұпай жоғалтып, сүреңсіз ойнады. Футболшылар тәртіп бұза беріп, ойыншылар алаңнан қуылды. Біріншіліктің осал командаларымен ұпай бөлісіп, тең түсіп жатты. Осының салдарынан Шпилевскийдің қызметіне күмәнмен қарағандар пайда болды. Чемпиондық атақты қорғап қала алмасы белгілі болғандай. Оны қоя беріңіз, мынандай жүріспен «Қайрат» Чемпиондар лигасында ел футболының рейтингіне нұқсан келтірер еді. Биыл да әдетке салып алғашқы айналымнан ары аса алмас па еді, кім білсін?

Осы ортада командаға Құрбан Бердыев келді. Оған Боранбаевтың кеңесшісі деген лауазым берілді. Алайда, көптеген мамандар осы кісі бапкер болады деп топшылап отыр. Ал күні кеше ғана Алексей Шпилевский Германияның 2 дивизионында ойнайтын клубпен келісімге келіп, жұмыс жолын сонда жалғастыратын болыпты. Ол жайлы «Матч ТВ» арнасының комментаторы Роман Нагучев хабарлады. Қазақстан аумағында бұл ақпаратты «Aladop» телеграмм арнасы да растап, Бердыевті келесі бапкер болады деп топшылады.

Еуропада жас мамандарға сенім артылып, олар ғаламат жетістіктерге жетіп жатыр. Бірақ, біздің елде футболшылармен жұмыс істеу, тіл табысу сәл қиындау көрінеді. Әзірге елімізде Ресей, Армения, Украина, Белорусь мемлекеттерінен келген бапкерлердің қолдары жүріп тұр. Осыған дейін де солай болған. Ал Алексей Шпилевский Белоруссия азаматы болғанымен, неміс бапкерлер мектебінің түлегі. Ол жағдайға еуропаша қарап, өзгеше ойлады. Бәлкім содан болар, клуб ішіндегі жағдайды уыстан шығарып алып отырды. Мысалы, команда ішінде көп жағдайды сербиялық легионерлер шешеді. Жалақы, сыйақы секілді жағдайларды Дугалич бастаған балқан ойыншылары реттейді. Бапкердің бұл жерде осалдығы анық байқалады. Қазақстандық футболшылардың біршамасын тәрбиелей алмай, қосалқы құрамға отырғызды. Кейбірін тіпті, екінші командаға жіберді. Міне, осындай оқиғалар жиналып Шпилевский үш жылдан астам қызмет еткен командасынан кетіп отыр. Енді, қазақ футболының мақтанышы болған «Қайратты» кім баптайды?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.75
Ничья
3.895
П2
1.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.161
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×