«Астана» Премьер-Лиганың 15-ші туры аясында «Қайрат» командасын 2:1 есебімен жеңді.
Елорда командасы сапында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомко бірінші минуттан алаңға шығып, соңғы минутқа дейін өнер көрсетті.
Бұл ойын 28 жастағы қорғаушы үшін «Астана» сапындағы 195-ші ойыны ретінде тіркелді.
Ол бұл көрсеткіштер бойынша команданың вице-капитаны Таңат Нөсербаевты қуып жетіп, өзара үшінші орынды бөлісіп тұр.
Шомконың алдында тек Абзал Бейсебеков (226 ойын) пен Ненад Эрич (237) бар.
Ал үздік ондыққа астаналықтардың қазіргі құрамынан Патрик Твумаси (171 ойын), Марин Аничич (171), Евгений Постников (142) және Серікжан Мужиков (142) кіреді.
prosports.kz