Шетелдік бапкер Қазақстандағы ең мықты клубты айтты: билеттерді 15 минут ішінде талап алып кететін

30.12.2024, 12:56

Өткен маусымда «Ақтөбені» жаттықтырған ресейлік бапкер Дмитрий Парфенов Қазақстан біріншілігі мен отандық жанкүйерлер жайлы ойын айтты.

Шетелдік бапкер Қазақстандағы ең мықты клубты айтты: билеттерді 15 минут ішінде талап алып кететін
Дмитрий Парфенов

«Ол жерде футболмен тыныстайтын қаламыз болды. Билеттерді 15 минут ішінде талап алып кететін. Жанкүйерлері өте талапшыл, өзіндік ой-пікірі бар. Кей тұстарда абайламасаң болмайтын еді, әрине. Өз алаңымызда тең ойын ойнап қалу деген қасірет болатын еді. Ойын тактикасы жайлы небір ақыл-кеңестерді естисің. Маған жанкүйер тарапынан үлкен назар аударылатыны жайлы ескерткен. Арандатудың болуы мүмкін екенін де ескертті. Алайда, фанаттармен арада жақсы қарым-қатынаста болдық, ол жақта байыпты жанкүйерлер жетерлік. Бірақ әрине, барлығына бірдей жаға бермейсің ғой», - деген болатын ресейлік бапкер.

Дмитрий Парфенов «Ақтөбені» 2023-жылдың желтоқсанында тізгіндеп, 31-тамызда өз орнын босатқан. 50-жастағы жаттықтырушы Қазақстанға дейін негізінен өзінің отанында «Тосно», «Урал», «Родина Москва», «Текстильщик» және тағы бірқатар клубтарда жұмыс істеді. Сондай-ақ, 18-жасқа дейінгі Ресей жастар құрамасы бас бапкерінің көмекшісі қызметін де атқарғаны мәлім. Бапкер ретіндегі жетістігі – «Тосно» командасымен 2017/2018-маусымда Ресей Кубогін ұтып алды. «Ақтөбеден» кеткен соң әзірге басқа клубқа барған жоқ.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×