![«Шахтердің» атқарушы директоры: Бірінші лигада өнер көрсетеміз деп шешім қабылдадық](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2025/02/08/67a6eb8108b93198985141.jpg)
Қарағандылық «Шахтердің» атқарушы директоры Талғат Дүйсеков SARYARQA TV үoutube-арнасына берген сұқбатында клубтың мақсаттары жайында айтты.
Сондай-ақ, «кеншілердің» биылғы маусымда қай турнирде ойнайтыны жайлы әңгімелерге нүкте қойды.
«Біз Бірінші лигада өнер көрсетеміз деп шешім қабылдадық. Ашығын айтқанда, ҚПЛ-де ойнау жайында ұсыныс түспеген де болатын.
Бізді премьер-лигаға қайтады деген небір алып-қашпа әңгімені естіп жүрміз. Көптеген клубта біраз мәселе бар, сондықтан ҚПЛ туралы ондай ұсыныстың болып қалуы ықтимал. Мысал үшін мынадай жағдай болды - «Ақсу» өткен маусымда премьер-лигадан бас тартқан. Енді тағдыр осылай шешіп, біз Бірінші лигаға төмендеген екенбіз, биылғы жылды сонда өткізгеніміз әділетті болмақ. Спорттық ұстаным әрі клубтың өзіне де ес жиып, етек-жеңін жинап алу қажет», - деді қарағандылық клубтың басшысы.
Естеріңізде болса, «кеншілер» былтыр премьер-лигада соңғы орын алып, Бірінші лигаға төмендеген еді.
Біздің серіктес: FONBET