«Шахтер» украиналық шабуылшыны қатарға қосты

25.02.2021, 21:20
Шабуылшы өткен маусымда 16 матчқа қатысып, 7 гол соққан.
«Шахтер» украиналық шабуылшыны қатарға қосты

"Шахтер" футбол клубы украиналық шабуылшы Евгений Павловпен келісім-шартқа отырды.

29 жастағы "кеншілердің" жаңа ойыншысынын соңғы өнер көрсеткен клубы - сербиялық "Радник". Сондай-ақ Павлов украиналық "Волынь" және "Севастополь", ресейлік "Сокол", сербиялық "Младост", венгриялық "Вашаш" және кипрлік "Докса" клубтарында доп тепкен.

Евгений Сербия чемпионатының өткен маусымында 16 матч өткізіп, 7 гол соққан. Ал биыл 4 ойынға қатысып, 1 голмен көзге түсті.

"Шахтер" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×