Қарағандылық «Шахтер» нигериялық жартылай қорғаушы Джозеф Ада Омамен келісім-шартқа отырды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
21 жасар ойыншы қарағандылық клуб сапына армениялық «Гандзасардан» ауысып келді. Джозеф мансабын өз елінде «Катсина Юнайтед» клубында бастаған. Сондай-ақ белоруссиялық «Слуцк» пен армениялық «Пюник» сапында өнер көрсеткен.
Жартылай қорғаушы Армения чемпионатының ағымдағы маусымында 8 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET