Қарағанды футбол мектебінің тəрбиеленушісі Геворг Наджарян «Шахтер» сапында өнер көрсетуін жалғастырады, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Өткен маусымда Наджарян «кеншілер» сапында 12 ойын өткізіп, бір голдық пас берген. 23 жастағы жартылай қорғаушы өткен жылы Қазақстан жастар құрамасында 9 ойынға қатысып, екі нәтижелі пас берді. Наджарян жалпы еліміздің жастар құрамасында ең көп матч өткізген ойыншы атанды (17 матч).
Біздің серіктес: FONBET