"Шахтер" чех футболшысымен толықты

19.07.2018, 01:27
"Шахтер" чех футболшысымен толықты
    "Шахтер" клубының құрамы чехиялық жартылай қорғаушы Лукаш Дроппамен толықты. 29 жасар ойыншымен клуб арасында 1,5 жылға келісім-шарт жасалған. Ойыншылық мансабын Чехия, Польша, Ресей, Түркия біріншіліктерінде өткізген жартылай қорғаушы қарағандылықтарға тегін бұйырған екен. Ақпаратты "Шахтер" клубының ресми сайты хабарлады. Лукаш Дроппа Чехия ұлттық құрамасы сапында 4 ойын өткізген.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×