Сетьен неден секем алды?

22.07.2020, 22:20
«Барселона» бапкерінде қазір қиын кезең орын алып тұр. Дағдарыстан қалай шығады? Талқылайық.
Сетьен неден секем алды?

Ла-лигадағы сәтсіздік "Барселонаға" жасалған ауыр соққы болды. Карантинге дейін чемпиондыққа нық сеніммен келген еді. "Реалдан" 4 ұпай озып та тұрды. Сетьен команданы жақсы дайындап, ойын үлгісін де жақсы өзгертті. Бұрнағы Гуардиоланың "Барселонасы" қайта келгендей әсер қалдырды. Бірақ, осы ортада Эрик Абидаль мен Мессидің сөз таласы қайта жанданды. Клуб басшылығы туиттерде әрнәрсені жазып, жағдайды одан әрі былықтырып, ушықтырып жіберді. Месси де қарап қалмай жауап қатты. Бартомеуде дауға араласып, соңы абыройсыз болып кетті. Клубтың фанаттар базасы негізінен Мессиді қолдады.

Басшылық кейді арнайы қаржы бөліп Мессиді жамандатып мақалалар шығартыпты дейді. Ондай жағдайлар Еуропаның алпауыт клубтарында талай мәрте болған. Бір ойыншыға көп нәрсе байланып тұрғанда түбі осындай кикілжіңдер орын алатыны анық. Лео тәрбиелеп отыратын жас бала емес. Ол Әлем футболына аты сіңген аңыз. Бірақ, оның да мінезі бір қызық. Златан секілді тік сөйлеп, қолын бір сілтей салмайды. Командаластарын үгіттеп, баспасөзде түйреп сөйлеп, психологиялық шабуыл жасайды. Сетьен содан секем алды. Басшылық пен Мессидің ортасында қалып кеткендей көрінді.

Месси жақсы көрсе Фати жақсы ойнайды. Аргентиналық айтса Жорди Альба шабыттанады. Луис Суарес Леоның ығында жүргені қашан? Өмірде де, алаңда да Мессидің қасынан шықпайды. Айтқанын орындайды, Бүйтейік-сүйтейік деп жалпылдап жүреді. Былайша айтқанда Мессидің қанатының астында. Гризман да осы қатарға кіріп, Мессидің айналасымен дос болып, компанияға кіріп алмақшы. Бірақ, болмай жатыр. Антуан да "Атлетикодан" кетіп адасқанын енді түсінді. "Барсаға" қарағанда қазір "Атлетико" Мадридтің жағдайы жақсы.

Сетьен команданы құтқарып қалудың бір амалдарын қарастырып жатыр. Командаға түгел бір апталық демалыс жариялады. 28 шілде күні жаттығуға келіңдер, оған дейін демалыс депті. Футболшылар жан-жаққа кетіп, серігіп қайтсын дегені. Чемпионаттағы сәтсіздікті ұмытып, 8 тамыз күні болатын Чемпиондар лигасына тың болып келсін дегені ғой. "Наполимен" болатын ойын оларға жеңіл ойын болмасы хақ. Мінезді Гаттузо не сый дайындап отырғанын бір құдайым ғана біледі. Осы матчта Месси жарқырап ойнап кете ме, жоқ па белгісіз. Соған байланысты Сетьеннің де тағдыры белгілі болады. Әжептеуір жақсы бапкер күйіп кетейін деп тұр. Оның орнына Клюйверт келеді дейді. 2 жылдан соң Хави де келе қалмақшы. Жалпы әзірге "Барселонаның" болашағы бұлыңғыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.358
Ничья
5.55
П2
9.15
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.958
Ничья
4.025
П2
3.75
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.53
Ничья
4.895
П2
5.96
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.34
Ничья
3.615
П2
2.222
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.85
П2
2.872
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.085
Ничья
14.1
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.151
Ничья
9.3
П2
20
Aladop Youtube
×