Серікжан Мужиков клубтың 10 үздік сұрмергені қатарына енді

20.07.2018, 17:29
Серікжан Мужиков клубтың 10 үздік сұрмергені қатарына енді
УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі «Сутьескаға» қарсы жауапты ойындағы елорда командасының екінші голын Серікжан Мужиков соқты. Мужиков үшін бұл гол, астаналықтар сапындағы 15-ші голы ретінді тіркелді.
Серікжан осы голының арқасында клуб тарихындағы 10 үздік сұрмерген қатарына енді.
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншы осы 15 голының екеуін еурокубок аясындағы кездесулерде соқты. Ол «Сутьескадан» бөлек, шотландиялық «Селтик» қақпасын дәл көздеген еді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×