Сербиялық қорғаушы мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

23.01.2021, 17:26
Қорғаушы қазір клубсыз жүр.
Сербиялық қорғаушы мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

30 жастағы сербиялық қорғаушы Даниэль Стойкович Қазақстан Премьер-лигасындағы клубтардың біріне ауысуы мүмкін.

Соңғы екі маусымда Даниэль Стойкович беларуссиялық "Неманда" ойнады. Ол сондай-ақ армениялық "Алашкерт", сербиялық "Радник", "ОФК Белград" және "Вождовац" командаларында ойнады.

Өткен маусымда "Неманның" негізгі қорғаушысы болды. 2020 жылы "Неман" жейдесінде 29 матчқа қатысып, 1 голдың авторы атанды. Ал оның командасы 53 ұпай жинап, маусымды бесінші орынмен аяқтады.

Ойыншы жақын күндері қазақстандық клубтардың бірімен келісімшартқа отыруы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×