«Селтик» - «Бавария» кездесуіне болжам

12.02.2025, 13:50

Бүгінгі матчтар арасындағы қызықты матч осы екі ұжымның арасында өтеді деп ойлаймыз.

«Селтик» - «Бавария» кездесуіне болжам
"Бавария" футболшылары

«Кельттер» келген команданы аямайды: «Селтик» ЧЛ-ның негізгі кезеңінде олжалаған 12 ұпайының 10 ұпайын өз алаңында жиған. Брендан Роджерс бүгін де сол сәтті серияны жалғастырмақ ниетте. Иә, күзгі сессияда «Селтик» ойнағандар арасында мюнхендік клуб дәрежесіндегі командалар болған жоқ, тек «Лейпцигті» айтпасаңыз қалғанының барлығы өзі деңгейлестер болатын.

Шотландиялық команданың ішкі чемпионатта қарсыласы жоқ. Екінші орындағы басты бәсекелесі «Рейнджерстен» бақандай 13 ұпай қара үзіп кеткен. Демек, «Селтик» бар күшін еуросайыстар арасындағы басты турнирге салмақ.

«Бавария» бар әлеуетімен үздік сегіз клубтың қатарына кіре алған жоқ. «Астон Вилла» мен «Барселонадан» оңбай ұтылған соң, сәтті серия жалғастырды, десе де соңғы турда «Фейеноордтан» есе жіберіп, 12 сатыға табан тіреді.

Бүгінгі қарсыласы секілді мюнхендіктердің де өз чемпионатындағы жағдайы жақсы. 21 турдан кейін «Бавария» екінші сатыдағы «Байерден» сегіз ұпай алда тұр. Жанкүйерлерін алаңдататын бір факт бар, мюнхендік ұжым үшін ЧЛ-ның быилығы маусымында сырт алаңдағы ойындар өте сәтсіз өтуде - «Бавария» түзде тек «Шахтерді» ұта алды, ал қалған үш бәсекеде 1:8-бен ойсырап қайтқан болатын. Бүгін қалай болар екен?

Сонымен, аталған кездесуде біз тәуекелі аз деген мына нұсқаны ұсынамыз – ойынның тоталы 3 голдан көп болады. Бұған «Фонбет.кз» 1.75 коэффициент беруде. Ұнаса, мархабат!       

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×