Селт еткізген 8 номер

08.11.2020, 10:09
Осылай Самат Смақов менің сүйікті ойыншым бола кетті.
Селт еткізген 8 номер

Ауылда екі тасты қақпа қылып, желі жоқ доппен футбол ойнап жүрдік. Ол кезде футбол дегенді жіті түсінбесекте, гол мен аут деп айқайлап, ауылдың шаңын шығарып, доп қуалай беретін едік. Жаз мезгілі еді. Сондай күндердің бірі. Күндегі әдетіммен шаң-шаң болып, футболдан келдім деп үйге кірдім. Барлығы кешкі астарын ішіп алған, маған қарайтын ешкім жоқ. Түпкі бөлмеде теледидар дауысы шығып жатты. Бір кезде гол деген айқай теледидар алдына қалай жетелеп әкелгенін өзімде аңғармадым. Асқазанымның шұрылдап, қарнымның ашып жатқанын ұмытып та кеткенімді ойын біткенде бірақ білдім.

    Ол кезде ештеңе түсінбесемде, «айып добынан гол салған – Самат Смақов» - деген коментатор сөзі жадымда жатталып қалды. Ойыншының артындағы қып-қызыл 8 деген санда көз алдымда мен мұндалап тұрды. Әрине, қандай ойын, қандай чемпионат, не үшін ойнап жатқандарына, жеңіс үшін екені түсінікті мән бермедім. «Жеңіс жергілікті «Ақтөбе» футбол командасында» - деген сөздерде Самат Смақовтың қайда өнер көрсетіп жатқанын айқындап берді.

     Осы күннен бастап футболға аңсарым ауып, көгілдір экраннан берілетін кез-келген футбол матчын қарай бастадым. Коментаторлардың әрбір айтқан әңгімесін мұқият тыңдайтын едім. Сондағы дәмем «Ақтөбе» командасының келесі ойыны туралы естіп қалу еді. Оны біліп алсам, өзім ойынын көруді арман етіп жүрген Саматтыңда алаңда бой көрсететінін білетін едім. Осылай футбол деген сиқырлы ойынның ғаламатымен күндерім өтіп жатты.

     Смақов деген фамилияны қайта естуім. Бұл жолы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыны. Капитан екен. Міне, ғажап! Капитан деген – біздіңше бастықтан кем емес еді, сол кездегі түсінікпен. Ғажабы сонда мен ойынын асыға күтіп жүрген ойыншы ұлттық құраманың капитаны болып шыға келді.

     Интернеттен 5-10 минутта ақпарат ала салатын кез емес еді. Шалғай ауылда, солай әр ойын көрген сайын, футболмен жақын таныса бастадым. Ал Самат Смақов есімнен бір шыққан емес.

    Біраз жылдардан кейін өзімде ауыл құрамасында доп теуіп қалаға шыға бастадым. Бара сала ойынымыз келгенше қолымдағы телефонмен интернет ақтарып, Самат туралы іздейтін болдым. Әр барғанымда түрлі ақпараттарға қанығыпта қалатын едім.

   Самат Смақов қорғаныстың қабыланы. Команданың жігерін жанып, қиын сәтте дем бере алатын ойыншы. Ол қорғаныс пен қатар жартылай қорғаныстада өнер көрсете алатын әмбебаптығы бар. Ал, ол айып добын тебер сәтте қандай қақпашы болмасын қаймығатыны сөзсіз. Оның зеңбірек іспеттес жойқын соққысы әрқашан қақпашыға ыңғайсыздық туындатады. Саматтың алаңның кез-келген түсынан беретін дәл пастары, алаңды көре алу шеберлігі оны ерекшелей түседі. Ол – нағыз капитан, көшбасшы ойыншы. Осы уақытқа дейін мен білетін сегіздіктердің ішіндегі жеке дара қылып, «сегізінші номердің серкесі» - деп атауға тұрарлық ойыншы.

       Менің футболға деген махаббатым осы бір ойыншымен жаңа бір сатыға көтерілді. Осылай Самат Смақов менің сүйікті ойыншым бола кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.358
Ничья
5.55
П2
9.15
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.958
Ничья
4.025
П2
3.75
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.53
Ничья
4.895
П2
5.96
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.34
Ничья
3.615
П2
2.222
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.85
П2
2.872
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.085
Ничья
14.1
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.151
Ничья
9.3
П2
20
Aladop Youtube
×