Сейдахмет "Уфаның" сапында тағы да алаңға шықпады

18.07.2018, 04:48
Сейдахмет "Уфаның" сапында тағы да алаңға шықпады
Башқұртстанның "Уфа" клубында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы тағы да жасыл алаңға шықпады. Аустрияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген "Уфа" командасы Түркияның "Истанбул Башакшехир" клубына жолдастық кездесуде есе жіберді, - деп  башқұртстандық клубтың ресми сайты хабарлады. Кезекті бақылау кездесуінде қазақстандық жас ойыншы Еркебұлан Сейдахмет алаңға шықпады. Назарларыңызға ойын ақпараты мен ресейлік клубтың құрамын ұсынамыз. «Уфа» ФК (Ресей, Уфа) – «Истанбул Башакшехир» (Түркия) – 2:3 (2:1). Голдар: Пауревич, 3 (1:0); Торун, 28 (1:1); Кротов, 42 (2:1); Байич, 61 (2:2); Фрай, 63 (2:3). «Уфа»: Беленов (Шелия, 45) – Сухов (Тумасян, 68), Живоглядов (Никитин, 74), Неделчару (Пуцко, 74), Аликин (Дивеев, 71), Йокич (Круговой, 74) – Салатич (Карп, 74), Пауревич (Ванек, 76), Обляков (Безденежных, 68) – Кротов (Фатаи, 74), Игбун (Сысуев, 45).

fcufa.pro

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×