Саян Хамитжанов: «Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін барымызды саламыз»

15.08.2018, 16:37
Саян Хамитжанов: «Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін барымызды саламыз»
УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші кезеңі аясындағы «Динамо Загреб» - «Астана» (1:0) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін «Астана» футбол клубының Президенті Саян Хамитжанов ойын туралы өз пікірін білдірді: - Біз күткендей «Динамо» (Загреб) командасы өзін барлық жағынан жақсы көрсетті. Қарсылас команда барлық позицияда жақсы жасақталған, ойыншыларының жекелей шеберліктері өте жоғары мықты команда. Хорватиялық ұжым екі ойын қорытындысы бойынша бізден басым болып, келесі кезеңге лайықты түрде жолдама алғанын мойындауға тиіспіз. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алуға қойған жоғары мақсатымызға жету жолында біз өзіміздің барлық мүмкіндіктерімізді көрсете алмадық. Енді, Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде аталмыш турнирдің топтық кезеңіне жолдама алу үшін барымызды салатын боламыз. - «Астана» командасының үшінші іріктеу кезеңінің екі ойынында да жеңіліс табуының басты себебі не деп ойлайсыз? - Біз бұдан да жақсы ойын көрсетуге толықтай қауқарлымыз. Дегенмен, команда құрамына келген жаңа ойыншылар өздерінің нағыз бабында емес және құрамға толықтай сіңісіп үлгерген жоқ. Менің ойымша, «Динамоға» қарсы жеңілісімізді команда құрамындағы өзара түсіністіктің әлі де толық қалыптаспағандығымен байланыстыруға болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×