"Саутгемптон" шабуылшысы АПЛ тарихындағы ең жылдам голды соқты

25.04.2019, 04:22
"Саутгемптон" шабуылшысы АПЛ тарихындағы ең жылдам голды соқты
Ағылшын премьер-лигасының 31 туры аясында "Саутгемптон" сұрмергені Шейн Лонг "Уотфорд" қақпасынан небəрі ойынның 6 секундында саңылау тапты. Матч басталған бетте қарсылас ойыншысы пас беруде оңбай қателесті. Ал қақпашы Бен Фостермен бетпе-бет қалған ирландиялық допты оның арқасынан асырып тастай салды. Осылайша, Шейн біріншілік тарихындағы ең жылдам соғылған гол авторы атанып отыр.

  Бұған дейінгі ең жылдам соғылған голдың авторы "Тоттенхэм" қорғаушысы Ледли Кинг еді. Ол 2001-2002 жылғы маусымда "Брэдфорд" командасын ойынның 10 секундында ренжітіп кеткен болатын.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×