«Саутгемптон» футболшылары Премьер-Лиганың сегізінші турында «Ньюкаслды» жеңіп, өз тариында бірінші рет Премьер-Лигада көш бастады.
Саутгемптон қаласындағы "Сент Мэри" стадионында өткен ойын 2-0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Қос голды Че Адамс (7-минут) және Стюарт Армстронг (82-ші) соқты.
«Саутгемптон» өзінің жеңіліссіз сериясын алты ойынға дейін ұзартып, 16 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Бір ойын кем өткізген «Ливерпульден» қосымша статистика бойынша алда тұр. 11 ұпайы бар «Ньюкасл» 11-ші орында қалды.
«Саутгемптон» келесі турда 21 қарашада сырт алаңда «Вулверхэмптонмен» ойнайды. Сол күні «Ньюкасл» өз алаңында «Челсиді» қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET