Саулюс Ширмялис: «Шымкентте ұтсаң жанкүйерлер сені қолдарында көтеріп жүруге дайын»

18.06.2020, 21:14
Литвалық маман Саулюс Ширмялис 2014 жылдың маусымында «Ордабасы» командасын басқарған, клубтың баспасөз қызметіне Шымкенттік командада істеген кездері мен жанкүйерлер жайлы сұхбат
Саулюс Ширмялис: «Шымкентте ұтсаң жанкүйерлер сені қолдарында көтеріп жүруге дайын»

- Саулюс Константинұлы, қазір немен айналысудасыз?

- Жақын күндері мен «Судува» атты Литовтық клубты басқаруыма алдым. Қиыншылығы қазір бар, ойыншылар барлығы кетіп қалған, енді карантиннен елге кіре алмай жүр. Ал егер жалпы команда жайлы айтар болсам, үш жыл қатарынан ел чемпионы болған, Еуропада да жақсы ойын көрсеткен. Осы тұрғыда барлығы жақсы, тек коронавирус бар жоспарды бұзды.

- Сіздерде чемпионат қашан жалғасады?

- 30 мамырда чемпионат басталады, бүл шешілген сұрақ.

- «Ордабасымен» жүмыс істеген кездерден қандай әсерлер қалды?

- Шын жүрегімнен айтайын. Ол кездерді жылулықпен еске аламын, тек футбол тұрғысынан ғана емес. Кездескен адамдардан алған әсерлер негізінде айтып отырмын. Түсінесіз бе Қазақстанда менің жолым болды. Онда мен адамдық қасиеттері жоғары азаматтармен көрістім, тілдестім. Ал бұл ең бастысы, футбол екінші тұста десем болады. Футбол арқылы адамдарды танисың, бұл ең бастысы.

- «Ордабасыны» басқарған кезде көздеген жоспарларыңыздың барлығы орындалды ма?

- Айту қиын, біз шақырылуда қойылған жоспарларды орындадық. Маусымның басында есіңізде болса алдыңғы алтылыққа ену мәселесі тұрған болатын. Екі топты командалар болатын, біріншілері медальдар мен еурокубоктарға қатысу құқықтарына күреседі, ал екіншілері жоғарғы дивизионда қалу үшін күресетін. Ол кездері қиын сәттер еді, біз бірінші алтылықта бағымызды сынап, еурокубокқа үмітпен қарадық. Жаұсы жағдайлар қосындысы бойынша үштіккеде күресуге мүмкін болатын. Бірақ дәл сол кезде команда өзінің шыңында жұмыс жасады. Үштікке ену өте қиын міселе болды.

- Ойыңызша қандай факторлар сол кездегі маусымда медальдарды жеңуге кедергі болды?

- Бірінші алтылықтағы командалар арасында айырмашылық үлкен болмасада бірақ «Астана» сол кезде қол жетпес биіктікте еді. Ал «Қайрат» Вайсстың кезінде мықты команда болатын, ойыншылары да шебер болатын. «Ақтөбе» нәтижеде екінші орынды иемденді, бірақ олар бізден анағұрлым мықты болды деп айта алмаймын. Аздап көп нәрсе жетпеді, қаржы жағынан қалып тұрғанымыз, жақсы ойыншылар болмағаны белгілі. Еурокубоктарға түсетініміз белгілі болды, мүмкін осындай өзін-өзі жұбату әсер еткен болатын. Өзіміздің мүмкіншілігімздің шегіне жеттік, төбемізден асыра секіруіміз қажет еді, бірақ болмады. Тек кейіннен «Ордабасы» табысты болып жаңа қаржылай мүмкіндіктерге ие болды. Енді 4-ші орын жақсы көрсеткіщ болып есептелінбейді. Ал сол кездері 4-ші орын өте жақсы көрсеткіш болатын. Қателспесем мұндай орын ешқашан болмаған.

Жеке өзімді алар болсақ, мен ұлкен жетістіктерді көрсеткім келеді. Бірақ болары болды.

- Жаттығу барысында қиыншылықтар болды ма?

- Шымкент үшін ол жыл табысты болды, сол маусымда жаңашылдықтар енгізілді. «Биік» базасына көштік. Футболшыларды сол алаңда жаттығу жақсы екенін түсіндіру қиын болды, орталық алаңның жағдайы жақсы емес еді. Жігіттерге сонда ыңғайлы болатын, ешқайда барудың қажеті жоқ еді. Бірақ көбісіне ұнамайтын еді. Біз жақсы жағдайларда жаттықтық, сол кездегі Қазақстандағы үздік жерлер десем де болады.

- Шымкенттік жанкүйерлермен тіл табыса алдыңыз ба?

- Шымкентте өте бірегей жанкүйерлер, «Ультрас» деген мағынада емес. Олар мысалы киім шешіну бөлмеден автобусқа дейін көтеріп алып бара алады, әрине ойында жеңсең. Бірақ ұтылып қалсаң Құдай сақтасын! Кестеде алып отырған орынға қарамай өте қатаң талап етушілер, былай айтсақ ұтсақ көп нәрсе кешіреді. Ал егер ұтылсақ өзге әңгіме. Есімде бар біз алтылыққа ендік бірақ үйде «Қайсар» командасына жеңіліп қалдық. Сондажақсы ойын көрсетсек те айхай естідік: - «Сендірге алтылық жетіп тұр ма? Қимылдаңдар алға!». Ал біз сол уақытта тынышталғанбыз, бірінші тапсырма орындалған. Айтады ғой Шымкенттегі 1 жылғы жұмыс 2 жылға теңеседі деп. Бірақ мен сол кездерді күлімдеп еске аламын. Алдын жанкүйерлермен тығыздық бар еді, бірақ кейін қоштасарда жылы сезіммен қоштастық. Олар маған мейманханаға келген, ойланыңыз, қайтпаңыз деп. Сондықтанда оларға ілтипатым зор. Мүмкіншілікті пайдаланып оларға сәлем жолдаймын.

- Шымкенттен, қала тұрғындарынан қандай әсерлеріңіз бар?

- Мен көбінесе жанкүйерлермен тілдестім. Такси жүргізушілері есте қалды. Үнемі қиын сұрақтар қояр еді. Көбінесе біз жаттығуларға менің көмекшім Қуаныш Қарақұловпен бірге барар едік. Олар бізден қаншама мәліметтер білгілері келді. Кейіннен білдім, егер бірдеме айтып қойсаң көп ұзамай бүкіл қала білетін болады. Таксистер ерекше халық олардың айдау тәсілдері мүлдем басқаша. Айтады ғой жүргізу куәлігін Шымкентте алып жүргізуді үйренсең сонда сен ештеңеденде қорықпасаң болады. Шымкентте шыныменде кішіпейіл азаматтар тұрады. Мен көп мемлекетте жұмыс жасағанмын, еуропада адамдар суықтау. Ал Қазақстанда мейірімді жақсы адамдар тұрады. Қазақтың асын ерекше айтқым келеді. Шымкентте ол Өзбектің асымен араласқан. Басқа қалаларды ренжіткім келмейді бірақ Шымкентте ас мәзірі ерекше. Қайталап айтайын ешкімді ренжіткім келмейді. Әрісерес мұны Қарағандыдағы базадағы әйелдер оқыса, сонда да ерекше бір тылсым өмір болды, дәмді тіл үйірер тағамдар дайындады. Бірақ Шымкенттегі ас керемет болатын.

- Барлық Қазақстандықтарға және «Ордабасы» жанкүйерлеріне тілегіңіз.

- Бірінші кезекте барлық Қазақстандықтарға денсаулық тілеймін, әсіресе қазір. Мына коронавируске байланысты пандемияда. «Ордабасы» жанкүйерлеріне тілерім өз командаларын қолдасын, менің кезімнен де қатты ыстық қолдасын. Олар менің есімде, оларға үлкен сәлемімді жолдаймын.

Естеріңізге сала кетейік, Литовтық маман Саулюс Ширмялис «Ордабасы» командасын 2014 жылы сәуір айында басқарған болатын. Және маусымның нәтижесі бойынша 4-ші орынды иемденді. Ол сол кезде Шымкенттік клубының ең үздік көрсеткіші. Осылай команда Еуропа Лигасында ойнауға мүмкіндік алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×