Сарри Азардың "Челсимен" жаңа келісім-шарт жасайтынына сенімді

11.08.2018, 09:11
Сарри Азардың "Челсимен" жаңа келісім-шарт жасайтынына сенімді
"Челсидің" бас бапкері Маурицио Сарри Эден Азардың клубпен жаңа келісімге келеріне сенім білдірді. "Азар бізде қалады. Ол жағынан ешқандай мәселе орын алып отырған жоқ. Мен онымен үш-төрт мәрте сөйлестім. Ол бірде-бір рет командадан кететіні туралы айтқан жоқ", - деген Сарридің мәлімдемесін Sky Sports жеткізді. "Меніңше, ол осында қалғанынан өзін бақытты сезінеді. Оның жаңа келісім-шарты бойынша еш мәселе туындамауы тиіс", - деді Сарри. Эден Азардың "Челсимен" келісім-шартының мерзімі 2020 жылдың жазына дейін.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×