Саян Хамитжанов: Федерация соңғы турдағы төрешілер қателігін көпшілік алдында талқылайды деп үміттенемін

23.04.2024, 09:28

"Астана" футбол клубының басшысы Саян Хамитжанов ҚПЛ-дегі төрешілер жұмысы жайында пікірін айтты.

Саян Хамитжанов: Федерация соңғы турдағы төрешілер қателігін көпшілік алдында талқылайды деп үміттенемін

"Төрешілердің жұмысын құзырлы орган - ҚФФ Төрешілік ету және инспекциялау департаменті өз бақылауына алуы керек. Қуантарлығы, ҚФФ тарапынан бұл мәселеге назар аударылып жүр, олар өздерінің қателіктерін көпшілік алдында мойындайтын болды. Футбол федерациясы алған бетінен қайтпай, саясатын ұстанып, соңғы турдағы төрешілер жіберген қателіктерін, сондай-ақ,  "Астана" - "Тобыл" арасындағы ойындағы қазылар қателігін көпшілік алдында талқыға салады деп үміттенемін. Бұл - біздің футболдың дамуындағы өте маңызды қадам. Өкінішке қарай, бірінші турда қателіктер болды және тек "Астанаға" қатысты емес. Бұл келеңсіздік тек маусымның басымен байланысты және оның басқа себебі жоқ деп үміттенемін", деді С. Хамитжанов. 

Айта кетейік, ҚПЛ 5-турында "Астана" - "Тобыл" жолығып, матч 1:1 есебімен тең аяқталған. Турнирлік кестеде елордалық клуб алтыншы орында тұрса, "Тобыл" төртінші сатыға жайғасқан. Көш басында - "Ақтөбе".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×