С.Черчесов: Саломонович? Менің тегімді дұрыс айтпадыңыз деп ренжісем қалай болады?

Бүгін Қазақстан ұлттық ұрамасы Аустриямен ойын алдында соңғы жаттығуын жасап, бас бапкер Станислав Черчесов БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Сұрақ-жауап кезінде тілшілердің бірі ресейлік маманның тегін Саломонович деп қате айтып, сауал қойған еді.

С.Черчесов: Саломонович? Менің тегімді дұрыс айтпадыңыз деп ренжісем қалай болады?
фото ашық дерек көзден алынды

Сол-ақ екен, Станислав Саламұлы журналистке: «Менің тегімді дұрыс айтпадыңыз деп ренжісем қалай болады? Бірақ, ондайға ренжімейтін адаммын. Ал менің тегім орысша айтқанда Приветович» деп мұртынан жымиып күлді.

Айта кетейік, осыған дейінгі баспасөз мәслихатында жас журналист Бегасыл Сейтхановқа французша сөйлеп тұрсың ба деп тілінен қағылған ресейлік маман «қазақ тіліне құрмет көрсетпеді» деген желеумен 1 миллион теңгенің үстінде айыппұл төлеген болатын. Соған қарағанда, Черчесовтің отандық журналистерге кішкене өкпесі бар сияқты. Бірақ, бізге де сөздің емес, нақты ісімен дәлелдейтін бапкер керек!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×