«Қайсар» футбол клубының экс-капитаны Руслан Сахалбаев футболшылық мансабын аяқтады. Қазақстан біріншіліктерінде 40 жасқа дейін армансыз доп тепкен Руслан Қасымханұлы енді бапкерлік қызметке кірісті.
Сахалбаев футбол алаңынан кетсе де, «Қайсардан» кеткен жоқ. Ол Виктор Кумыковтың бапкерлер штабына еніп, ресейлік маманның көмекшісі атанды. Жалпы қызылордалықтар үшін Русланның орны ерек. Футболшы кезінде екі мәрте «дала қасқырларын» Бірінші лигадан көтеріп, Премьер-лигаға шығуына сүбелі үлесін қосқан. «Қайсарға» қиын кезеңдерде қол ұшын созған футболшы өз мансабын аяқтаған соң жұмыссыз қалмады. Клуб басшылығы оның ұзақ жылдар бойғы тәжірибесі мен көшбасшылық қасиетін елеп-ескеріп, жаңа міндет жүктеп отыр. Руслан Қасымханұлының алдағы бапкерлік қызметіне сәттілік тілейміз.
Біздің серіктес: FONBET