Руслан Эсатов – «Каспий» ФК бас бапкері

Қазақстандық жаттықтырушы Руслан Эсатов «Каспий» футбол клубының бас бапкері атануы мүмкін. Бұған дейін Ринат Алюетовпен келісімге келгенін жариялаған ақтаулық команда бұл жоспарынан бас тартқан сияқты.

Руслан Эсатов – «Каспий» ФК бас бапкері

Былтыр «Тұранды» баптаған Алюетов осылайша жаңа командасын көрмеген күйі қызметінен босатылды. Маңғыстаулық клубтың басшылығы неліктен мұндай шешім қабылдағаны бізге белгісіз. Белгілісі «Каспийді» жаңа маусымға Руслан Эсатов дайындайтын болады. 40 жастағы маман 2019 жылы футболшылық мансабын аяқтап, жаттықтырушылық қызмет атқарып келеді. Біршама уақыт Қайрат Нұрдәулетовтың ассистенті болған Эсатов енді бас бапкер ретінде өз білім-біліктілігін көрсетуге ниетті.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

КПЛ
Aladop Youtube
×