Руммениге: «УЕФА нашар жұмыс істеді»

28.07.2020, 16:35
Руммениге Чемпиондар Лигасының басты фаворитінің бұл турнирге қатысуына наразы секілді.
Руммениге: «УЕФА нашар жұмыс істеді»

«Бавария» клубының төрағасы Карл-Хайнц Румменигге CAS-тің «Манчестер Ситиді» еуропалық жарыстан шеттетпеу туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.

«Менің ойымша, CAS-тің соңғы шешімі УЕФА нашар жұмыс жасағандықтан қабылданды. Мұны әр түрлі ақпарат көздерінен естимін. Ол жақсы дайындалмаған шығар. Соған қарамастан, "Манчестер Ситидегі" әріптестерімді құттықтаймын. Мен досым Гвардиола үшін қуаныштымын. Ол үшін Чемпиондар лигасына қатысу нені білдіретінін мен жақсы білемін», - дейді Румменигге.

Естеріңізге сала кетейік, УЕФА «қалалықтарды» еуропалық кубоктардан қаржылық әділ ойынды бұзғаны үшін алып тастаған еді. Клубты демеушілік келісім-шарттармен қаржылық алаяқтық жасады деп айыптады. Алайда Спорттық Арбитраждық сот "Манчестер Ситиге" тағылған айыптарды жоққа шығарды. Осылайша, Гвардиола шәкірттері келесі маусымда Чемпиондар Лигасына қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×