Casa Fiore – Криштиану Роналдудың Туриндегі сүйікті рестораны. Оның иесі Фиоре мырза Tuttosport басылымына португал футболшысы жайлы қызықты мәліметтері бар сұхбат берген болатын.
«Бірде күтпеген жерден маған Криштиану Роналду қоңырау шалып, 21:30-ға үш адамға үстел брондауымды сұрады. Алайда Криштиану 20:00-де, яғни өте ерте келді... Мен оны күту үстеліне отырғызуға мәжбүр болдым, олар болса еш шағымсыз 40 минут күтті. Осындай жағдайда, онымен салыстырғанда танымалдылығы шағын адамдар, 5 минут күтпестен өркөкіректік танытып кетіп қалатын.
«Атлетикоға» хет-трик жасамастан бірнеше күн бұрын Криштиану менің атымды сұрады. Ойыннан кейін ол, біреуі бірінші, екіншісі екінші таймда киілген қолтаңбасы бар екі жейдемен келді. Ол жүрегі кең жақсы адам. Сол кезден пандемияға дейін ол Джординамен бірге ресторанға әр жұма сайын келетін. Екеуі де ризотто мен Баролоны (итальян шарабы), Бра шұжығы және Рашер ірімшігін ұнатады. Оның үйінде бас аспаз қызметін жасаған кездерім де болған. Ол сәтте мен өзімді достарыма тағам әзірлегендей сезінетін едім. Олар өте тамаша отбасы».
Біздің серіктес: FONBET