Роналдудың физикалық жағдайы 20 жасар спортшының көрсеткішін көрсетті

24.07.2018, 15:23
Роналдудың физикалық жағдайы 20 жасар спортшының көрсеткішін көрсетті
Криштиану Роналдудың "Ювентусте" өткен медициналық тексеруі оның тәнінің жас спортшының көрсеткішімен тең екенін көрсетті. "beiNSPORT" телеарнасының тілшісі Маттео Бонеттидің мәлімдеуінше, медициналық тексерудің нәтижелері Роналдудың физикалық жай-күйін 20 жасар футболшымен салыстырса болады. Португалдық жұлдыздың денедегі майының мөлшері 7%-ды көрсетті, ал 33 жастағы спортшының орташа көрсеткіші 10-11% болуы керек, ал бұлшыкетінің массасы 50%-ды көрсеткен (орташа көрсеткіш - 46%).    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×