Роналду "Реалдан" кеткелі сатылым жағынан алға шыққан Модричтің жейделері

22.07.2018, 20:19
Роналду "Реалдан" кеткелі сатылым жағынан алға шыққан Модричтің жейделері
Жартылай қорғаушы Лука Модрич "Реал" жанкүйерлері үшін ең ардақты ойыншы болып тұр. Роналду клубтан кеткелі және Модричтің ӘЧ-2018-де сәтті өнер көрсетуі "Реал" жанкүйерлері алдында оның беделінің артуына себепкер болғандай. Ол өз кезегінде Модричтің аты жазылған жейдесінің сатылымынан байқалып тұр. Өткен маусымда Роналдудан кейін Асенсио мен Исконың жейделері сатылым жағынан алда болған. Биыл Модрич аталған екі ойыншыдан да асып түсіпті. Бір қызықтысы, Кәрім Бенземаның аты жазылған жейделер ең аз сатылымдағы клуб атрибутикаларының қатарында екен.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×