Криштиану Роналду Португалия құрамасының қыркүйектегі екі кездесуіне қатыспайды.
ItaSportPress-тің хабарлауынша, португалдық жұлдыз құрамасының 6 қыркүйектегі Хорватия құрамасына қарсы жолдастық кездесу мен Ұлттар Лигасының Италияға қарсы кездесулеріне қатыспайды. Роналдудың мұндай шешімге келуіне, "Ювентус" сапындағы өнеріне басты назарын бұруы болып отыр екен.
"Ювентус" сапында 33 жасар ойыншы ресми екі кездесуге қатысып, гол соға алмаған болатын.