Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдаманы жұлып алған Аргентина құрама командасы келесі сында Франциямен кездесетін болды. Ең қызығы, Қазанда болатын ойын кезіне Месси тұратын қонақ үй Роналду бейнесіне қарама-қарсы орналасқан. Енді ол өз қарсыласын күнде көріп оянатыны сөзсіз деп хабарлайды
lenta.ru сайтына сілтеме жасаған
NUR.KZ.
Франция құрамасы Қазандағы "Мираж" қонақ үйіне орнығып үлгерді. Ол жерде құрама Австралиямен болған кездесу кезінде тұрған.
Сол себепті, аргентиналықтарға "Рамада" қонақ үйі бұйырған. Бұл ғимараттан Лионель Мессидің бас қарсыласы Криштиану Роналдудың даңғарадай қабырға суреті көрінеді.
Айта кетейік, Аргентина құрамасы күні кеше Нигерияны жеңіп кетіп, келесі кезеңге жолдамаға ие болды. Ал, француздар болса топтық кезеңнің екінші айналымында-ақ 1/8 финалға өтетіндерін білген.
Екі құрама арасындағы ойын 30 маусым күні Қазан қаласында өтпек. Әлем чемпионаты 15 шілдеге дейін жалғасады.
nur.kz