Португалия ұлттық құрамасы мен туриндік "Ювентус" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду, футболдағы әкесі Cэр Алекс Фергюсон жайында айтты.
" Фергюсон-менің футболдағы әкем. Ол маған керектінің барлығын үйретті. Оның айтқан әр ақылы мені жаңа жетістіктерге жеткізіп тұрды. Мен құласам қайта тұрғызып, жігерлі сөздерімен рухымды қайта оятатын. Менің осындай ұлы ойыншылардың қатарынан көрінуіме Фергюсоннің қосқан үлесі өте зор. Мен оған ұзақ ғұмыр тілеймін"
Дайындаған:Әлішер Хабидолла