Роналдо Испания Примерасының футбол клубын сатып алмақшы

28.08.2018, 19:19
Роналдо Испания Примерасының футбол клубын сатып алмақшы
Атақты бразилиялық шабуылшы Роналдо "Вальядолид" клубын сатып алуы мүмкін. Cadenaser-дің хабарлауынша, "Реал" мен "Барселонаның" бұрынғы ойыншысы "Вальядолид" клубын сатып алу үшін 30 миллион еуро шығаруға дайын екен. Тараптар келісімге екі-үш аптада келуі ықтимал. Бразилиялықтың қаржысына клуб 25 миллион еуро қарызынан құтылуға мүмкіндік алады. Клубтың қазіргі президенті Карлос Суарес клуб құрылымында қалдырылып, бас директор қызметін атқаратын болады. Роналдодан басқа, клубқа ақша құйғылары келгендер қатарында Қытай мен Латын Америкасынан акционерлер болған көрінеді. Алайда, Суаресті дәл Роналдоның ұсынысы қызықтырған көрінеді. "Вальядолид" клубы Испания Ла Лигасының 2018-19 жж. маусымының екі турында бір жеңіс пен бір жеңіліс нәтижесін тіркеп, турнирлік кестенің 14-ші орнында.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×