Жақын уақытта "Барсаның" бас бапкері болып тағайындалатын Рональд Куман жаңа командасына ойыншы жинақтауды бастап кеткен көрінеді. Le10Sport сайтының баяндауынша, Голландия құрамасы мен "Аякстың" жартылай қорғаушысы Донни ван де Бек "блаугранас" қатарына ауысуы әбден мүмкін. Бұған ең басты себеп, Куманның 23 жастағы ойыншыға жеке қызығушылығы болып отыр.
Айта кететін жайт, бұған дейін ван де Бекке "Реал", "Ювентус" және "Манчестер Юнайтед" сияқты алпауыт командалар көз тіккен екен.
Біздің серіктес: FONBET