"Романың" жанкүйерлері клубтың саясатына наразылық білдірді

01.09.2018, 21:32
"Романың" жанкүйерлері клубтың саясатына наразылық білдірді
Италияндық "Романың" жанкүйерлері команданың белді ойыншыларының сатылғанына наразы. Италия чемпионатының 3-ші турында римдіктердің "Миланнан" жеңілісінен (1:2) кейін клубтың базасына "Скудетто үшін көп нәрсе жасалды, Чемпиондар Лигасы үшін көп нәрсе жасалды. Сендердің жүлделерің - ол тек табыс пен сауда", - деген баннермен жиналды. "Рома" жазғы трансферлік кезеңде қақпашы Алиссонды "Ливерпульге", Раджа Найнголланды "Интерге" және трансферлік кезеңнің соңғы күндерінде Кевин Стротманды "Марсельге" сатып жіберген.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×