«Динамо Загреб» - «Астана» арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші кезеңінің жауапты ойыны алдында елорда командасының шабуылшысы Роман Муртазаевтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:
![](https://pp.userapi.com/c848524/v848524230/4e5fa/2tdqj7e2bXM.jpg)
- Біз қарсылас команданы толықтай зерттедік десем болады. «Динамо» командасының қандай футбол ойнайтынын, құрамында қандай мықты ойыншылар бар екенін жақсы білеміз. Сондықтан, осы кездесуге барынша тыңғылықты дайындалдық.
Әрине, бірінші кездесуде өз жанкүйерлеріміздің алдында сәтсіз өнер көрсеткеніміз өте өкінішіті. Дегенмен, біз мұнда бекерден бекер келген жоқпыз. Басты мақсатымыз, жеңіске жетіп, алға қойған мақсатымызға жету.
- «Динамо» ойыншылары алғашқы ойыннан кейін қандай әсер қалдырды. Қарсылас команданың қандай да бір ойыншысы Сізді таң қалдыра алды ма?
- «Динамо» - еурокубоктерде сәтті ойнап келе жатқан, жыл сайын мықты ойыншыларын Еуропаның маңдайалды клубтарына үлкен қаржыға сата алатын өте мықты команда. Олар жыл сайын өз алдарына өте жоғары мақсаттар қояды. Ал бірінші ойынға келер болсам, «Динамо» сапындағы барлық ойыншы жақсы ойын көрсетті.
- Алғашқы ойыннан кейін хорватиялық БАҚ өкілдері «Динамоны» келесі кезеңге шығарып қойды. Бұл жағдай, біздің командаға қол болады деп ойлайсыз ба?
- «Динамо» алғашқы ойында жақсы нәтижеге қол жеткізгендіктен, оларға психологиялық тұрғыда жеңіл болары сөзсіз. Дегенмен, біз де аянып қалмай, өзіміздің қажет болса 200% мүмкіндігімізді көрсетуге тиіспіз. Загребте жеңіске жетіп, алға қойған мақсатқа жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз.