«Астана» шабуылшысы Роман Муртазаев Еуропа Лигасы топтық кезеңінің «Динамоға» (2:2) қарсы алғашқы кездесуінде қосалқы құрамнан алаңға шығып, соңғы сәтте есепті теңестіріп кетті.
Елорда командасының ойыншысы матч соңында осы кездесу туралы өз пікірімен бөлісті:
– Бастысы – ұпай алдық. «Динамо» жақсы ойнады. Олардың тағы да соғып, жеңіске жететін мүмкіндіктері де болған. Әсіресе, Буяльскийде. Егер соны соққанда, бізде мүмкіндік қалмас еді. Құдайға шүкір өзіміз соғып, есепті теңестірдік. Біз мұнда ұпай алу үшін келгенбіз. Қолымыздан келді.
Мүмкін сенсация деп те айтуға болатын шығар. «Динамо» – Кеңес одағы кезінде ең мықты команда болды, сол маркасын әлі сақтап тұр. Осындай атақты команда гол соғу мен үшін ерекше қуаныш.
Біз қарсыластың осал тұсын зерттедік, бапкеріміз видео арқылы ойындарын көрсетті. Соған ерекше мән бердік.
- Әуедегі допқа таласта екі рет жеңіске жетіп, гол соға алдыңыздар. Бұл сіздер талдаған «Диамоның» осал тұсы деп айта аласыз ба?
- Иә, біз екінші қабатта жақсы ойнауды жоспарлаған едік. Алысқа, дәл пас беру арқылы ойнауды көздедік. Дегенмен, «Динамо» айтарлықтай қателітерге бой алдыра қойған жоқ.