"Сутьеска" - "Астана" кездесуінен кейін елордалық клубтың бас бапкерінің қатысуымен баспасөз жиыны өтті.
Тілшілер сұрақтарына жауап беру кезінде Григорчук, келесі кезеңге өткеніне қуанышын, команданың ойынына ризалығын және ойыншыларға алғысын жеткізді.
Сонымен қатар, "Мидтьюландқа" дайындық туралы сұрағанда, "ендігі назарымыз даниялықтарға ауады, десе де, ойынға сараптама жасауды ұмытпауымыз қажет, себебі, түзетулер енгізетін тұстардың бар екен" - деп ойынның кейбір сәттеріне өзгерістер енгізетіндей сыңай танытты.